20.02.2024
15:00
2043
Қазақстанда 13 мың шетелдік жұмыс істейді

Қазақстанда 13 мың шетелдік жұмыс істейді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 12,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі – мамандар мен білікті жұмысшылар, жалпы саны 6466 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам жұмыс істейді.

Шетелден Қазақстанға келіп, нәпақа тауып жүрген 565 адам басшылар мен олардың орынбасарлары, ал 2 671 құрылымдық бөлімшелердің басшылары, - дейді министрлік.

Шетелдіктерге жұмыс беріп отырған қазақстандық жұмыс берушілер саны – 1 657. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2%-і.