Қазақстанда 109 жыл бұрын алғашқы спектакль сахналанды

14 Ақпан, 04:34 902

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын, 1915 жылы 13 ақпанда Семей қаласында еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетін қалыптасушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов еді.

«Біржан-Сара» спектаклінде қазақ қоғамында әлеуметтік мәні бар әйел теңдігі мәселесі көтерілген. Біржанның рөлін Жүсіпбек Аймауытовтың өзі, ал Сараның рөлін - Тұрар Қозбағарова сомдады.Осылайша қазақ мәдениеті тұңғыш рет режиссура өнерімен толығып, қойылымның сахнаға шығуы ерекше мәдени құбылыс болды.Ол өзінің «Театр кітабы туралы» мақаласында сахна өнері мен драматургияның мәдени өмірде алатын орны мен ерекшеліктеріне тоқтала келе, театр мен репертуар мәселесін тығыз байланыстырған, - деп жазылған Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: