07.10.2025
20:47
651
Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатынан 11 жүлде иеленді

Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатынан 11 жүлде иеленді

Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сондай-ақ командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

 Қазақстан құрамасы 190.1663 ұпаймен көш бастаса, Таиланд спортшылары 154.5151 күміс жүлдеге ие болды. Ал үздік үштікті Өзбекстан 141.1051 ұпаймен түйіндеді. 

Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова және Виктор Друзин қорғады.

Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола. Осылайша, біздің спортшылар Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.