Қазақстан ЖОО-ларында жасанды интеллект туралы курстар оқытылады

24 Тамыз 2023, 15:41 1635

Қазақстанның барлық университетінде жасанды интеллект сауаттылығы курсы оқытылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр бұл туралы елордада өтіп жатқан «Адами капиталдың дамуы – ел экономикасы өсуінің негізі» атты форумында мәлімдеді.

Жасанды интеллект өте тез дамып келе жатыр. Өткен жылы қазан айында шыққан ChatGPT генеративті жасанды интеллекті бірнеше айдың ішінде жоғары жылдамдықпен дамып, үлкен компаниялардың арасында бәсекелестік артты. Енді жасанды ІВМ-нің есебі бойынша жасанды интеллект жұмыс орындарын көп алмайды. Жасанды интеллектті меңгерген қызметкерлер, меңгере алмаған немесе меңгергісі келмеген, білімі жетпеген қызметкерлердің орнын алып қояды деген қорытынды жасап жатыр, - деді министр.

Министрдің айтуынша, еліміздің жоғары оқу орындарында жасанды интеллект туралы курс оқыту үшін Google компаниясымен келіссөз жүргізіледі.

Бір жыл бұрынғы жиында біз цифрлық дамудың маңызы туралы қозғаған болатынбыз. Бүгінде жасанды интеллекттің қарқынын бүкіл дүниежүзі елдері мойындап отыр. Сондықтан біз Google компаниясымен бірігіп, арнайы жасанды интеллект сауаттылығы курсын пысықтап жатырмыз. Келесі айдың соңында Нью-Йорк қаласына барып, келісімге отырамыз. Келесі оқу жылынан бастап барлық университет студенттеріне міндетті түрде жасанды интеллект сауаттылығы курсы беріледі, - деді Саясат Нұрбек.

Миражан Махан
Бөлісу: