15.07.2025
18:15
4492
Қазақстан жолдарындағы автокөліктердің басым бөлігі ескірген

Қазақстан жолдарындағы автокөліктердің басым бөлігі ескірген

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6,46 миллион көлік тіркелген. Бұл туралы Finratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Ескі көліктер басым

Олардың ішінде 5,6 миллионы – жеңіл автокөліктер:

Жеңіл автокөліктер – 86,6%;

Жүк көліктері – 9,6%;

Автобустар – 1,8%;

Мотокөлік құралдары – 2%.

Алайда елдегі автопарктің басым бөлігі ескі, 7% көліктің ғана қолданылу мерзімі 3 жылдан аспаған (шамамен 453,1 мың бірлік).

3-10 жыл аралығындағы көліктер – 25,8% (шамамен 1,6 миллион).

Ал 10 жылдан асқан автокөліктердің саны 4,3 миллионнан асады.

Жаңа көліктер жағдайды өзгертпейді

2025 жылдың маусым айында елімізде 159,2 мың көлік тіркелген:

Жеңіл көліктер – 143 мың

Жүк көліктері – 9,8 мың

Автобустар – 1,3 мың.

Мотокөліктер – 5,1 мың

Ал мамырда тіркелген көлік саны – 128,1 мың, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артық. Дегенмен бұл өсімге қарамастан, автопарктің жаңару қарқыны баяу, ал жолдарда әлі де ескі көліктер үстемдік етеді.

Мұндай автокөліктер жиі жөндеуді қажет етеді, зиянды қалдықтарды көп шығарады және қауіпсіздік деңгейі төмен. Бұл экологияға, жол инфрақұрылымына қосымша салмақ түсіріп, жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады.

Бұған дейін Қытай көліктеріне қатысты туындайтын қиындықтар туралы жазғанбыз. Сонымен қатар ең қауіпсіз көліктер тізімі жасалды.