14.08.2025
13:32
427
Қазақстан жолдарында «ақылды» жүйе пайда болады

Қазақстан жолдарында «ақылды» жүйе пайда болады

Қазақстанда жолдағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға арналған жаңа интеллектуалды TOR жол қауіпсіздігі платформасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Sergek Group компаниясының мәліметіне сілтеме жасап.

TOR атауы қазақ тілінен аударғанда «желі» дегенді білдіреді. Ол қала көшелеріндегі және тас жолдардағы мыңдаған стационарлық камералардан, патрульдік көліктердегі мобильді кешендерден, тіпті дрондардан келетін деректерді біріктіреді.

Жүйенің басты ерекшелігі — ол тек бейнежазбаны көрсетіп қана қоймай, жолдағы жағдайды «талдай» алады.

Платформа барлық ақпаратты өңдеп, апат қаупі жоғары учаскелерді анықтайды. Тіпті оларды өңірлер мен оқиға түрлері бойынша бөледі. Егер біреу жол ережесін өрескел бұзса, жылдамдықты асырса немесе тым ұзақ уақыт демалыссыз жүрсе жүйе оны белгілеп, деректерін полицияға береді, — дейді компания өкілдері.

Sergek Group мәліметінше, TOR – «Қауіпсіз қала» атты ауқымды жобаның бір бөлігі ғана. Болашақта бұл жоба барлық бейнебақылау камераларын және тану жүйелерін біріктіріп, тек жолдарда ғана емес, елді мекендерде де қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыруды көздейді.

Бұған дейін Астанада дрондарға орнатылған Sergek камераларын сынақтан өткізу басталғаны хабарланған еді. Ол іздеудегі автокөліктерді анықтауға, сондай-ақ берешегі бар және жол ережесін бұзғанарды нақты уақыт режимінде қадағалауға арналған.