Соңғы үш жылда жасанды интеллект бұрынғы радио, интернет, смартфон және энергетика сияқты технологиялардан да жылдам дамып, кең таралған құралға айналды. Бүгінде әлемдегі еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың 30%-дан астамы күн сайын нейрожелілер мен әртүрлі ІІ сервистерін пайдаланады. Бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Елдегі ересек халықтың 12,7%-ы ІІ құралдарын меңгеріп, оларды жұмыста да, тұрмыста да белсенді қолданады. Мұндай деректер Microsoft компаниясының жыл сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу авторлары әр мемлекетті бірнеше бағыт бойынша салыстырған: ІІ технологияларын жасауға қабілеттілік, инфрақұрылымның дамуы және жасанды интеллектінің күнделікті өмірге енгізілу деңгейі. Сондай-ақ халықтың ІІ-ді қаншалықты меңгергенін көрсететін жеке рейтинг ұсынылған.
Күнделікті қолдану көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында. Ал, бізден жоғары тұрған елдер тізімі мынадай:
Қазақстаннан кейінгі орындарда:
Жасанды интеллектіні ең белсенді қолданатын елдер тізімінің көшбасында:
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ирландия, Франция, Испания, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Нидерланды және Катар кірді.
Әлемдегі ІІ инфрақұрылымының жартысынан көбі АҚШ-та орналасқанына қарамастан, оны күнделікті қолданатын америкалықтардың үлесі – 26,3% (23-орын). Қытай бұл бағытта 61-орынды иеленген (15,4%).
Соңғы орынға Камбоджа тұрақтаған, онда ІІ құралдарын меңгерген ересек тұрғындар небәрі 4,6%.
Айта кетейік бұған дейін ЖИ-дың ел экономикасына тигізер пайдасы жөнінде жазған едік.