Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында үздіктер қатарына қосылды

Қазақстан жасөспірімдері әлем чемпионатында үздіктер қатарына қосылды

Қазақстан жасөспірімдері төтенше жағдай бойынша өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ресейдің Саранск қаласында өтіп жатқан жасөспірім ұлдар арасындағы XIV әлем чемпионатының, сондай-ақ жасөспірім қыздар арасындағы X әлем чемпионатының жарыстары жалғасын тапты. Үшінші кезең 4х100 метр өрт эстафетасы сайысында жалғасты. Қатысушылар жоғары дайындық пен мықты бәсекелестікті көрсетті.

Қыздар құрамасы Беларусь, Болгария, Ресей және Словакия спортшыларымен сынға түсіп, төртінші орынға ие болды. Ал ұлдар арасындағы тартысты додада Беларусь, Ресей, Словакия және Қазақстан құрамалары медаль үшін сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан Республикасының құрамасы сапында Шығыс Қазақстан облысынан Никита Боков, Артём Виноградов, Радмир Каримов, Астана қаласынан Юсуф Мұратұлы өнер көрсетті. Бұл нәтиже жас спортшыларымыздың рухының мықтылығын, кәсіби шеберлігін және жоғары деңгейдегі дайындықтарын айқын көрсетіп отыр.

Ертең чемпионаттардың шешуші күні өтеді, қатысушылар жауынгерлік қанат жаю сайысында бақ сынамақ.