Қазақстан йодталған тұз экспортын 81,4% арттырды

6 Ақпан 2023, 19:13 1431

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда 288,1 мың тонна йодталған тұз өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда 288,1 мың тонна йодталған тұз өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ға көп.

Өндірістің өсуімен экспорт көлемі де өсті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында 248 мың тонна тұз экспортталса, 2021 жылы 136,7 мың тонна тұз сыртқа шығарылған.

Осылайша, өсім 81,4%-ды құрады.

Бұл ретте сырттан 28,8 мың тонна тұз импортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Өзге елден әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 9,1%.

«2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта йодталған тұздың 68,9 мың тоннасы сатылды»,-делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: