Қазақстанда жеңілдетілген бағамен автонесие беретін банктер саны артып келеді. Мұндай бағдарламалар көрші Өзбекстанда да бар. Finratings.kz осы орайда екі елдің несие шарттарын салыстырып, қай елде көлікті несиеге алу тиімді екенін анықтаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанда:
Kursiv порталының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында автосалоннан көлік сатып алу бойынша орташа баға – 15,9 млн теңге.
Қолжетімді көліктер:
Lada Granta – 6 млн теңгеден,
Changan Alsvin – 6,7 млн теңгеден,
Chevrolet Cobalt – 7 млн теңгеден.
Танымал модельдер:
Hyundai Elantra – 10,7 млн теңгеден (базалық жиынтық),
Toyota Corolla – 13,9 млн теңге шамасында,
Honda Civic – жаңа модель жоқ, бірақ 2022 жылғы «тоғызыншы» буындағы көліктер 12-14 млн теңге.
Өзбекстанда:
Podrobno.uz мәліметінше, мамыр айында көліктер арзандаған. Chevrolet модельдері 7-14 мың АҚШ доллары (3,7-7,4 млн теңге) аралығында.
Айдалған көліктер бағасы да арзандаған:
Kia Carnival – 17-23,8 млн теңге,
Hyundai Elantra – 10,5-12,7 млн теңге,
Kia Sportage – 13,7-15,3 млн теңге.
Spot порталының мәліметі бойынша, 2024 жылғы мамырда 35 банктің 23-і автонесие береді. Мерзім – 1 жылдан 5 жылға дейін. Пайыздық мөлшерлеме – 22,5%-33%.
Автонесие ұсынатын банктер:
Asia Alliance Bank, Ziraat Bank Uzbekistan, Микрокредитбанк, Ориент Финанс, Садерат Банк, Туронбанк, Tenge Bank, Hamkorbank, Ipoteka bank және басқалар.
Электромобильге несие: Ипотека-банк, Пойтахт банк, Tenge bank.
Мысалы:
Агробанк: 24-25%, бастапқы жарна 25%, мерзім 5 жыл,
Anorbank: 33%, бастапқы жарна 40%,
Hamkorbank: 23,99-30%,
Ziraat Bank: 23-29%,
және т.б. (барлығы 20-дан астам банк).
Қазақстандағы автонесиелер
2025 жылы төрт банк жеңілдетілген автонесие ұсынады: Еуразиялық, ForteBank, Halyk, БЦК.
Шарттар:
Ставка – 4% жылдық,
Мерзім – 7 жылға дейін,
Бастапқы жарна – 10%-дан.
Коммерциялық автонесиелерді ұсынатын 9 банк бар:
БЦК: 45 млн тг дейін, 21,6-23%, 7 жыл,
Еуразиялық банк: 0,12%-30%, бастапқы жарнасыз,
Нурбанк: 19,5-22%, бастапқы жарна – 35%,
ForteBank: 0,01%-22,5%, 10% бастап,
Halyk Bank: 20-21%, жарна 20%-дан,
Береке банк: 23,4-30%, бастапқы жарнасыз.
Нені ескеру керек:
Бастапқы жарна: неғұрлым аз болса, көлікті сатып алу оңайырақ.
Пайыздық мөлшерлеме: неғұрлым жоғары болса, соғұрлым артық төлейсіз.
Несие мерзімі: мерзімі ұзақ болған сайын айлық төлем аз болады, бірақ төлем мөлшері көбейеді.
Көлік жасы: көптеген банктер көліктің максималды жасын шектейді.