Қазақстан ҰОК бас хатшысы қызметінен босатылды

21 Тамыз, 13:06 573

Қазақстан ҰОК бас хатшыға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ресми мәліметте бас хатшының өкілеттігі жойылғаны туралы айтылған. Ал бұл қызметті ақпан айынан бері Жанар Өтешева атқарып келді. 

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды. Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Өтешеваны бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, жылдың басында Тимур Құлыбаев ҰОК төрағасы қызметін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге табыстаған. Осыдан соң жаңа құрам жасақталды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: