17.02.2023
09:28
1618
Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті.