Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде мектеп салуды қолға алмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің сыртқы саяси концепциямыз бар, сонымен қатар Президенттің Жарлығымен бекітілетін дамуға ресми көмек көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттары бар. Бұл екі құжаттың негізінде біз бірінші кезекте Орталық Азия, Ауғанстан және Африка елдеріне басымдық беріп отырмыз. Бұл құжаттан тыс Президенттің тапсырмасы бойынша басқа да дамуға ресми көмек туралы жобалар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022 жылы Түркияда болған жер сілкінісі болды. Саяси шешіміміздің негізінде біз Түркияның Газиантеп қаласында арнайы мектеп саламыз. Бұл 2024-2025 жылдардың дамуға ресми ең үлкен көмек жобасы болып саналады, - деді вице-министр.
Сондай-ақ Әлібек Бақаев неліктен 2022 жылы дамуға ресми көмектің мөлшері 2021 жылмен салыстырғанда аз болғанын түсіндіріп кетті.
Біріншіден бұл бюджет саясатына қарайтын жобалар. Бюджеттен қосымша ақша бөлінетін болса, онда жобалардың саны өседі. Екіншіден, жыл сайын жобалардың санын көтеру мақсаты жоқ. Бұл негізінен біздің сыртқы саясатымызға және оның басымдықтарына байланысты, - деді ол.