Қазақстан тумасы АҚШ-та өмір бойына сотталды

19 Қазан 2023, 09:50 1059

Қазақстанда туып, кейіннен АҚШ азаматтығын алған 46 жастағы Руслан Асайынов ДАИШ-ке көмек көрсетті деп айыпталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталушы Руслан Асайынов шетелдік террористік ұйымда мерген және қару-жарақ нұсқаушысы болған және Сириядағы көптеген ұрыстарға қатысқан, делінген АҚШ Әділет министрлігінің сайтында жарияланған баспасөз хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның тумасы 2013 жылы Нью-Йорктен Сирияға сапар шеккен. Онда ол ДАИШ қатарын мерген ретінде толықтырып, ату және қару-жарақ жеткізу бойынша нұсқаушы болып жұмыс істегені үшін «Әмір» атағына дейін көтерілді. Ол АҚШ-тың өзге азаматын да террорлық ұйымның қатарына қоспақ болған.  

Іс материалдарында Асайынов әйелі мен қызын тастап кеткені көрсетілген. Айыпталушының жұбайы сотта күйеуі оған өлтірілген содырлардың денелерінің суреттерін жібергенін айтты.

Қазақстан тумасына АҚШ-та айып тағылғаны туралы осыдан үш жыл бұрын – 2019 жылы хабарланды. Асайынов Сирияда Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуздағы атыстан кейін тұтқынға алынды. Қазақстанның тумасы АҚШ-қа жеткізіліп, Федералды қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: