Қазақстан цифрландыру тәжірибесін Тәжікстанмен бөліседі

15 Қыркүйек 2023, 16:22 788

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Тулеушин Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттері өндірушілерінің халықаралық көрмесіне қатысу аясында, цифрландыру саласындағы тәжірибені беруді көздейтін бірқатар құжаттарға қол қойды.

Атап айтқанда, ЦДИАӨМ, «ҰАТ» АҚ мен Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар, сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрліктері арасында жол карталарына қол қойылды. Бұл келісімдер келесіні көздейді: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай порталын енгізу веб-сайт құрастырушыны еңгізу; мемлекеттік қызметшілерді оқытуды жүргізу; электрондық лицензиялауды жүзеге асыру бойынша ақпарат беру және бағдарламашыларды оқытуға ваучерлер бөлу туралы.

Сонымен қатар, «РҒБО» АҚ (Қазақстан) мен «Нет Солюшенс» ЖШС (Тәжікстан) арасында «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 жекелеген ауылдық елді мекендерін интернет желісіне қосу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысты ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша 50-ге жуық шалғай ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Осы құжаттарға қол қою – Қазақстандағы ІТ саласының дамуының жаңа кезеңі. Біз алғаш рет отандық GovTech шешімдерін экспорттап жатырмыз. «ҰАТ» АҚ заманауи электрондық үкімет инфрақұрылымын құрудағы тәжірибемізді Тәжікстандағы әріптестерімізге беру міндетін алды. Өз кезегінде «РҒБО» АҚ пилот шеңберінде 10 ауылда интернет ұсынып, содан кейін жобаны келесі жылға 50 ауыл үшін коммерцияландырады, - деді Қ.Тулеушин құжаттарға қол қойғаннан кейін.

Аймақ мемлекет басшыларының V Консультативтік кездесуіне орайластырылған Орталық Азия мемлекеттерінің тауар өндірушілерінің халықаралық көрмесі әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сала өкілдерін, зерттеушілер мен инноваторларды жинады.

Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан басшылары ұлттық павильондарды аралап, қатысушы елдердің экономикалық жетістіктерімен танысты.

Көрмеде Қазақстанның 24 жобасы, оның ішінде Smart Data Ukimet, Egov Mobile, Интернет ресурстарының бірыңғай платформасы, KazSat-3 ғарыш аппараты сияқты инновациялар, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне негізделген қызметтер (JerInSpectr, Minerals) ұсынылған. Іс-шараға үкімет өкілдерінен басқа қазақстандық жеке компаниялар да қатысады, соның ішінде BEYNE.AI, 7Generation, AG TECH, Ordamed және т.б.

Компаниялар тізімі: «ҰАТ» АҚ, «RCKS» АҚ, «NK KGS» АҚ, OrdaMed Astana, Eltex Alatau, XFinity solutions, Qazaq technology, Beyne.ai, 7Generation, IT space, Intellect, OST engineering, AIMI Automation Services, Abi tech, AG tech, Kvazar, Daudalus Mind, OTRI, AARDVARK, ALMA U.

Бұл көрменің мақсаты – ақпараттық технологиялар мен аэроғарыш өнеркәсібі салаларындағы инновациялық шешімдер мен өнімдерді ілгерілету, сондай-ақ серіктестік орнату және тәжірибе алмасу алаңын құру. Көрме 14-16 қыркүйек аралығында өтеді.

EL.KZ
Бөлісу: