517.16
588.48
6.23

Қазақстан теннистен 2025 Virtus әлем чемпионаты өтеді

ҚР спорт комитеті
3 Сәуір, 22:12 602

Қазақстан теннистен 2025 Virtus Әлем чемпионатын қабылдайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3-мамыр мен 11-мамыр аралығында Астана қаласы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында  Virtus Әлем чемпионаты өтеді.

Тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ барлық Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Бұл сынға 8 мемлекеттің ең мықты теннисшілері қатысатынын айтылды. Оның ішінде Бельгия, Аустралия, Польша, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Франция, Қазақстан елдері бар. 

Айта кететін жайт, жарыстар II1, II2 и II3 санаттарында жеке, жұптық және командалық разрядтарда өтеді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: