13.07.2025
17:31
2648
Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс медаль иеленді

Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс медаль иеленді

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан "World Taekwondo Diamond Game" турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, одан кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан. Бірақ шешуші сәтте отандық спортшылар Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева және Аида Таукенова өнер көрсетті.

Айта кетсек, аралас-командалық жарысқа барлығы 13 команда қатысты.