27.12.2023
15:41
1273
Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры анықталды

Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры анықталды

Футболдан Қазақстан суперкубогының сыйақы қорының сомасы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл атаққа қазіргі ел чемпионы «Ордабасы» (Шымкент) мен Қазақстан кубогының иесі «Тобыл» (Қостанай) таласады.  

Серый CARDINAL телеграм-арнасының мәліметінше, матч жеңімпазы 25 миллион теңге алса, финалист 15 миллионға иелік етеді.

Осылайша, Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры 40 миллион теңгеге тең.

Айта кетейік, «Ордабасы» биылғы маусымда тұңғыш рет ҚПЛ-да алтын медаль алды.