Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасымен кездесті. Нәтижесінде қарсылас команда 14:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Қазақстан құрамасы қола медаль үшін Таиланд командасымен кездеседі. Таиландтықтар өз жартылай финалында Жапониядан жеңілген болатын.