20.07.2025
21:47
3156
Қазақстан студенттері Универсиада ойындарынан төртіншіжүлдесін иеленді

Қазақстан студенттері Универсиада ойындарынан төртіншіжүлдесін иеленді

Германияда өтіп жатқан  ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қазақстандық Тілеулес Темірлан қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Қазақстан спортшысы таеквандо жарысының жартылай финалында Украинадан келген спортшымен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде үшінші орынды иеленіп, қола медальді қанжығасына байлады

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 4 қола медаль бар.