Қазан қаласындағы БРИКС ойындарында Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik-тің жазуынша, құрама қоржынында екі алтын, 10 күміс және он жеті қола медаль бар. Бұл сында Ресей құрамасы 262 алтынды иеленіп, жалпыкомандалық есепте мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сонымен қатар ресейліктер 141 күміс және 99 қола жүлде иеленді.