07.10.2025
22:14
418
Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Қазақстан спортшылары әртістік жүзуден Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК мәліметінше, отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді. Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап отыр.