Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчының жанкүйерлеріне шаттл-автобустар қызмет көрсетеді

9 Қыркүйек 2023, 19:44 1252

10 қыркүйекте «Астана Арена» стадионына жүретін қоғамдық көліктер күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында арнайы шаттл-автобустар жолға шығады.

10 қыркүйек, жексенбі күні «Астана Арена» стадионында футболдан EURO-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамасы арасында матч өтеді. Басталу уақыты – сағат 19:00-де.

Осы орайда City Transportation Systems баспасөз қызметі 10 қыркүйекте Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 17:30-да «Астана Арена» стадионына арнайы шаттл-автобустар жүретінін мәлімдеді.

Атап айтқанда:

«Астаналық цирк» автотұрағы;

«Қазақстан» СК автотұрағы;

«Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);

«Жастар» сарайы тұрағы.

Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері қосымша №№10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді. Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Жол жүру құны 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды, - делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: