Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖер астында өрт болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында 222 қызметкер жер бетіне шығарылды. Бес адамды іздестіру жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық әкімдігінің мәліметінше, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі Облыстық медициналық орталыққа.
17 тамызда сағат 10:05 Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді. Оқиға болған кезде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау қапталдағы оқпан арқылы жүргізілді. Оқиға орнында «КӘАҚҚ» РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады, - делінген мәліметте.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев оқиға орнында. Бұған дейін 101 адамның жер бетіне шығарылғаны айтылған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары