Қазақстан шахматтан алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты

11 Қыркүйек 2023, 12:35 1196

Шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында Қазақстан алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында қазақстандық шахматшылар Франция құрамасын 4:0 есебімен ұтты.

Қазақстанға жеңісті Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі: 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі: 2162), Алуа Нұрманова (FIDE рейтингі: 2170) және Әмина Қайырбекова (FIDE рейтингі: 1985) әкелді. Турнирге Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Ксения Балабаева (FIDE рейтингі: 2111) және Әсел Серікбай (FIDE рейтингі: 2120) қатысып жатыр, - делінген хабарламада.

Финалда Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі.

Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамас жарыстың ширек финалынан асып көрмеген болатын. Енді олар бас жүлдені сарапқа салады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: