Қазақстан шахмат федерациясының президенті тағайындалды

18 Қаңтар 2023, 15:35 1379

Бұл ақпаратты Қазақстан шахмат федерациясы растады

Еліміздің шахмат федерациясының жаңа президенті болып Тимур Турлов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тимур Русланович Турлов 1987 жылы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген.

Кәсіпкер, қаржыгер және Freedom Holding Corp компаниясының негізін қалаушы.

Ол 2022 жылы маусым айында Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарында.

EL.KZ
Бөлісу: