Қазақстан Сауд Арабиясымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

14 Қараша 2023, 09:49 817

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атап айтқанда, Жетісу облысында қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясын салу жобасы талқыланды.

Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр, соңғы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, 2025 жылы құрылысты бастау жоспарланған.

Премьер-Министр әкімшілік рәсімдерді жеделдетуді және орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімді бір күнде әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы, фармацевтика, металлургия және т. б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов Сауд Арабиясының инвесторларымен жұмысты барлық деңгейде жандандыру қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министр Үкіметаралық комиссияның таяуда болатын отырысы қарсаңында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум ұйымдастыруды тапсырды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: