16.08.2025
12:19
381
Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін құптайды

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін құптайды

Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды. Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті, - деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Аляскада өткен кездесудің қорытындысы бойынша журналистер алдында мәлімдеме жасады. Екі мемлекет басшысы келіссөздердің конструктивті және өзара сыйластыққа негізделгенін атап өтті.