11.12.2025
23:16
433
Қазақстан - Ресей боксшыларының жекпе-жегінде кім жеңіске жетті

Қазақстан - Ресей боксшыларының жекпе-жегінде кім жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының жартылай финалында рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

63,5 келі салмақ дәрежесінде финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ресейлік Илья Поповпен кездесті. Үш раундқа созылған айқастан кейін төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіс 4:3 есебімен ресейлік боксшыға берілді.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал Илья Попов финалға жолдама алды. Айта кетейік, Зейнуллинов - 2025 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінің жеңімпазы және сол жылы Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері.

IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.