Қазақстан Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізеді

22 Желтоқсан 2023, 07:22 1398

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде үш ірі трансшекаралық Ертіс, Іле және Емел өзендері бар. Қазіргі уақытат қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазақстанның мүддесін жұмыс тобына кіретін 20 адам қорғайды.

Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар баптары бойынша ортақ шешімге келіп отыр. 

Қазақстан мен Қытайға ортақ Қорғас өзені бар. Екі мемлекетті бөліп ағатын өзеннің бойында Қытаймен бірлесіп ортақ гидротехникалық нысан салдық. Оның жұмысы 100% автоматтандырылған және шлюздері су шекара сызығының екі жағына бірдей ағатындай етіп жасалған. Бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады. Осындай үлгіде Сүмбе өзенінің бойынадағы нысанға реконструкция жасалды. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Ұласты деген өзенде де екі тарапқа ортақ нысан салу туралы келісім бар,- деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Перизат Саденова
Бөлісу: