Қазақстан Қытайдағы Азия Пара ойындарын аяқтады

28 Қазан 2023, 18:21 958

Қазақстан Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия Пара ойындарын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде 131 атлетіміз спорттың 14 түрінен қатысып, 8 «алтын», 12 «күміс» және 21 «қола» медальмен командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Жарыста спортышларымыз, 3 Азия және 4 Азия Пара ойындарының рекордын орнатты.

Отандық атлеттер 2018 жығы Индонезия өткен Азия Пара ойындарында  Қазақстан құрамасы 33 медальмен (5 алтын, 15 күміс, 13 қола) 13 орынға табан тіреген болатын.
 
IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Жарысқа 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысқан жайы бар. 

Асқар Таудай
Бөлісу: