Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады

30 Қыркүйек, 18:32 448

Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктері жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: