Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

29 Ақпан, 22:02 1203

Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына Бішкек ЖЭО-дағы апатын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.
Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: