Қазақстан құрғақшылыққа дайын ба?

7 Тамыз 2023, 15:44 1192

Қуаншылық жерді күйдірсе, толассыз жауын дәнді дақыл, шөпті шірітеді.Соңғы жылдары еліміздің біраз бөлігінде қуаншылық болып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі қуаншылыққа қалай дайындалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды

Бүгінге дейін қазақстандық фермерлер 12,7 млн тонна шөп әзірлеген. Бұл – биылғы жоспарланған көлемнің 50,7%-ы.

Биыл өңірлердің жемшөп шығындарының құнын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда облыс әкімдіктерінің қосымша қаражат жіберуге мүмкіндігі бар.
 
Биылдан бастап алғаш рет жемшөп дайындау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті дизель отынын ала алады. Өтінімдерге сәйкес жанармайдың қажеттілігі 57,9 мың тонна көлемінде қалыптасты. Қазір жеткізу басталды, - делінген хабарламада.
 
Министрліктің мәліметінше,  2022 жылдың қорытындысы бойынша Азық-түлік корпорациясы 235,2 мың тонна көлемінде жемшөп қорын қалыптастырды, оның қорлары қажет болған жағдайда мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарын арзандатылған бағамен қолдау үшін бағытталатын болады.
 
Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі бойынша фермерлердің несиелік борыштарын ұзарту және қайта құрылымдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, үкімет резервінен мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда, - делінген хабарламада. 
Алмас Абылай
Бөлісу: