Қазақстан құрамасының қоржынында бес алтын медаль бар

10 Желтоқсан, 16:18 553

Қазақстандық екі боксшы қыз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы Гүлсая Ержан мен Елдана Тәліпова сары құрлық біріншілігінде үздік шықты.

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 81 келідегі Гүлсая Ержан финалда украиналық Карина Айрапетянмен жолығып, барлық раундта мықты екенін аңғартты.

Ал +81 келідегі Елдана Тәліпова шешуші сында Өзбекстан өкілі Олтино Сотимбоевамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қоржынымызға бесінші алтын медаль түсті. Бұған дейін 60 келідегі Виктория Графеева мен 63 келідегі Аида Әбікеева, сонымен қатар 70 келідегі Наталья Богданова сары құрлықта топ жарды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: