Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль түсті

31 Тамыз, 16:00 462

Паралимпиада ойындарында ел қоржына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Парижде қазақстандық мерген Еркін Ғаббасов күміс медаль жеңіп алды.

Финалда R1 класында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальді 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: