Қазақстан құрамасының ойыншысы ҚХЛ-да мергендер тізіміне енді

8 Қыркүйек 2023, 22:32 839

«Металлург» сапында ойнайтын Қазақстан құрамасының көшбасшысы Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасындағы мергендер тізіміне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық шабуылшы үш гол және бір нәтижелі паспен мергендер рейтингінде төртінші орынға жайғасты.

ҚХЛ-дағы Топ-5 мергендер тізімі:

1. Николай Голдобин («Спартак») – бес шайба;
2. Александр Хмелевский («Салават Юлаев») — төрт шайба;
3. Девин Броссо («Куньлунь Ред Стар») — үш шайба;
4. Никита Михайлис («Металлург») — үш шайба;
5. Кирилл Пилипенко («Северсталь») — үш шайба.

Берік Арманов
Бөлісу: