Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қыркүйек күні өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана Аренада» өтетін матчта Солтүстік Ирландиямен шеберлік байқасамыз.
Бұл ойында командаға қолдау көрсетуге ағайынды Геннадий мен Максим Головкиндер арнайы келеді.
Жақында үйде боламыз. 10 қыркүйекте футболда кездесіп, құрамаға қолдау көрсетеміз, - деп жазды боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Магомед Адиев шәкірттері Еуро-2024-ке іріктеу аясында қыркүйек айында өз алаңында екі ойын өткізуі керек еді. Алғашқысында Финляндямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.