04.09.2025
21:04
641
Қазақстан құрамасы Уэльске есе жіберді

Қазақстан құрамасы Уэльске есе жіберді

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс командасына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Матч «Астана Арена» стадионында өтті. Ел құрамасы Уэльс командасынан 0:1 есебімен жеңілді.

Алғашқы тайм алма-кезек шабуылдармен өтті. Қонақтар допты көбірек иемденіп, есеп ашты. Қақпашы Темірлан Анарбеков алғашқы соққыны қайтарғанымен, Киффер Мурдың қақпаға жасаған қосымша соққысына тосқауыл бола алмады.  

Енді ұлттық құрама 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгияға қарсы мачт өктізеді.