Қазақстан құрамасы Словениядан ойсырай жеңілді

10 Қыркүйек, 02:06 1067

Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

UEFA Ұлттар лигасындағы екінші ойынында қазақстандықтар қарсыласқа есе жіберді. Кездесу барысында словениялық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Беньямин Шешко 23, 28-минутта екі гол соғып кетті. Ол бұдан бұрын 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде де қазақстандық құрамаға белгіленген пенальтиден бір голдың авторы атанған еді. Словениялық шабуылшы 63-минутта тағы бір мәрте көзге түсіп, хет-триктің авторы атанды. 
Осылайша Қазақстан қарсыласы 0:3 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы 10 қазанда Австриямен кездессе, 13 қазанда Словенияны қабылдайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: