Қазақстан құрамасы шешуші ойынға қатысу үшін Словенияға аттанды

18 Қараша 2023, 19:22 955

Қазақстан құрамасының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы матчына аттанды. бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Магомед Адиев бастаған ұлттық құрама 18 қарашада елордадан Словения астанасы Люблянаға ұшып кетті.

Словенияға қарсы ойын 20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Астана уақыты бойынша 01:45-те өтеді.

Айта кетейік, соңғы кездесуде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандықтар Н тобында екінші орын алады және алғаш рет Еуропа чемпионатының қатысушылары атануы мүмкін.

17 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Маринодан басым түсті. Алғаш рет негізгі құрамда шыққан «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков дубльдің авторы атанса, Абат Айымбетов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал Сан-Марино бір голмен жауап қатты - 3:1.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Берік Арманов
Бөлісу: