09.11.2024
23:47
827
Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы хоккейден Азия чемпионы атанды

Алматы қаласындағы Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін шешуші матчта Қазақстан командасы Жапониямен ойнап, 5-1 есебімен басым түсті.

1:0 - Рымарев (Борисевич, Гренц)
2:0 - Рымарев (Александров)
3:0 - Наместников (Королинский)
3:1 - Ирикура (Ханзава, Кобаяши)
4:1 - Гребенщиков (Волков, Королинский)
5:1 - Королинский

Ал Оңтүстік Корея құрамасы овертаймда Қытайдан 2-1 есебімен басым түсіп, бізге басымдық сыйлады.

Азия чемпионатының турнир кестесі:

Қазақстан - 6 ұпай
Жапония - 6
Оңтүстік Корея - 4
Қытай - 2

Айта кетейік, құрлық бәсекесі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтті.