01.12.2023
04:09
1498
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты төмендеді

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ерлер құрамаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы өткен рейтингпен салыстырғанда екі саты төмендеп, 100-орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы қараша айында Еуро-2024 іріктеу аясында екі ойын өткізді. Алдымен Сан-Марино өз алаңында ұтса (3:1), Словенияға сырт алаңда есе жіберді (1:2).

ФИФА-ның 30 қарашадағы рейтингі:

  1. Аргентина — 1855.2;
    2. Франция — 1845.44;
    3. Англия— 1800.05;
    4. Бельгия — 1798.46;
    5. Бразилия — 1784.09;
    6. Нидерланд — 1745.48;
    7. Португалия — 1745.06;
    8. Испания— 1732.64;
    9. Италия — 1718.82;
    10. Хорватия— 1717.57;
    47. Грекия — 1453.95;
    77. Грузия — 1312.45;
    83. Люксембург — 1285.41;
    100. Қазақстан — 1215.16;
    207. Сан-Марино — 741.61.