15.05.2023
03:24
1933
Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатын екінші орынмен аяқтады

Ташкентте ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Ұлттық құрама боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль еншіледі.

Естеріңізде болса, 2013 жылы Алматыда өткен әлемдік додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алған еді.

Ташкенттегі додада шаршы алаң иелері көш бастады: 5 алтын, 2 күміс, 2 қола. Ал Ресей құрамасы (2 алтын, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы медальдар кестесі:

1.Өзбекстан (5-2-2).

2.Қазақстан (4-0-1).

3.Ресей (2-0-4).

4.Куба (1-3-2).

5.Франция (1-1-1).

6.Грузия (0-1-2).

7.Моңғолия (0-1-1).

7.Бразилия (0-1-1).

7.Әзербайжан (0-1-1).

10.Қытай (0-1-0).

10.Италия (0-1-0).

12.Үндістан (0-0-3).

12.Испания (0-0-3).

14.Армения (0-0-2).

15.Қырғызстан (0-0-1).

15.Иордания (0-0-1).

15.Тәжікстан (0-0-1).

15.Мексика (0-0-1).

Чемпионатта Халықараралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға - 200 мың, күміс медаль алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Жеңімпаздар тізімімен таныс болыңыздар