Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
19 шілдеде әртістік жүзуден командалық сайыс өтті.
Отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 261.9755 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады.
Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.
Командалық сайыстың финалдық кезеңі 20 шілдеде өтеді.