Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші «алтыны» түсті

17 Қаңтар 2023, 08:59 1398

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетт

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен секіру спортынан АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі кезеңнің қосындысында қазақстандық австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Бұған дейін бірінші «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: