Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады

12 Мамыр 2023, 17:45 797

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,78 теңгеге көтеріліп, 445,99 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де төмендеп, 63,92 теңге (-0,07) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 485,09 теңге, рубль бағамын 5,88 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңге, еуро 487-494 теңге, ресей рублі 5,4-5,8 теңге аралығында саудалануда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: