Қазақстан қандай азық-түлік түрінің импортына тәуелді? Министр жауап берді

2 Мамыр 2023, 11:45 1227

Үкімет отырысында Қазақстан қандай импортталған тауарға тәуелді екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, еліміз қазір қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері, және маусымаралық кезеңде қырыққабат пен пияз имтортына тәуелді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2%-дан 55,9%-ға дейін және қант бойынша 90% бар. Кейбір тауарлар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілгенін атап өтеміз. Алайда, көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқаудамыз. Әсіресе көкөніс өнімдеріне, - деді Жұманғарин.

Осы орайда министр ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық-түлік секторындағы дағдарысқа төзімді саясат құруды ұсынды. Мұндай шаралар қабылданып жатқанын да тілге тиек етілді.

Яғни күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу арқылы өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туған.

Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады, - деді министр

Ал пияздың экспортына үш айға тыйым салынған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: