Қазақстан Президенті «Қорғаста» азық-түлік хабын құруды ұсынды

19 Мамыр 2023, 11:29 1005

Қазір азық-түлік нарығы барлық елде құбылып тұрғаны жасырын емес. Президент осы орайда осы саладағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде ол Қазақстан агроөнеркәсіп өнімдерінің экспортын арттыруға және оның түрін көбейтуге мүдделі екенін тілге тиек етті.

Шаруаларымыз сыртқа шығарылатын дәнді және майлы дақылдардың көлемін арттыруға дайын. Олар экологиялық жағынан таза әрі жоғары сұрыпты ет пен органикалық өнімдерді де көптеп жеткізе алады. Есесіне бау-бақша өнімдері мен азық-түлік тауарларын тұрақты сатып алуға мүдделіміз. Біз мемлекеттеріміздің аграрлық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек. Сонда елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтамыз. Бұл қадам бәріміздің мүддемізге сай келеді, - деді Тоқаев.

Бұл мәселені шешу үшін «Қорғаста» азық-түлік хабын қоруды ұсынды.

«Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын. Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет, - деді Президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: