01.11.2023
11:21
1519
Қазақстан президенті Эмманюэль Макронды Ақордада қарсы алды

Қазақстан президенті Эмманюэль Макронды Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронды Ақордада ресми қарсы алды.

Мемлекет басшысының шығуымен рәсімнің ресми бөлігі басталды. Президенттер бір-бірімен қол алысып амандасты. Мәртебелі қонақтың құрметіне құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Президент оркестрі екі елдің әнұранын орындады.